Жапония Ұлттық футбол құрама командасы



Әдетте, құраманы "Сакка Ниппон Дайхё" (жапон. サッカー日本代表), "Ниппон Дайхё" ((жапон. 日本代表), немесе жай "Дайхё" ((жапон. 代表) деп атайды. Құраманың ресми лақап аты болмаса да, оны жиі бас бапкердің атымен атайды. Соңғы уақытта, құраманы ""Көк Самурайлар"" деп атайды. Бірақ БАҚ.-да оларды бұрынғыша, бапкер атымен атайды. Мысалы: "Zaccheroni Japan" (жапон. ザッケローニジャパン), немесе "Zac Japan" (жапон. ザックジャパン).

Қазіргі уақытта Жапон Ұлттық құрамасын формамен Adidas компаниясы жабдықтайды. Негізгі форма мойнында қазыл квадрат, иығында ақ сызықтары бар футболка мен ақ шортыдан, және көк гетрдан тұрады. Сақтық форма ақ футболка, көк шорттан, және ақ гетрлардан тұрады. 

Жапон құрамасы - әлемдегі ең көп қаражаттандырылатын құрамалардың бірі. Құраманың басты демеушілері: Kirin, Adidas, Sony, Saison Card International, FamilyMart, Fujifilm, Japan Airlines және Nissan.



